17 қыркүйек 2015 | 12:28

Сенатор полицейлердің погонын жұлғандарға қолданылатын жазаны қатаңдатуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сенатор полицейлерді ұрып, погондарын жұлып алғандарға қолданылатын жазаны қатаңдатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сенатор полицейлерді ұрып, погондарын жұлып алғандарға қолданылатын жазаны қатаңдатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Парламенттің жоғарғы палатасының депутаты Бектас Бекназаров қазақстандық полицейлерді жақтап, сөз сөйледі. Ол құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық танытқандардың барлығына қолданылатын жазаны қатаңдатуды ұсынды.

"Айтайын дегенім, полиция қызметкерлері заң үстемдігімен қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпсіздік орнаса оны басу үшін заңды әрекет қолданады. Күндіз де, түнде де қоғамның тыныштығын күзетеді, керек болса өз денсаулықтарын құрбан етеді, тіпті өмірлерін де. Солай бола тұра, халық арасында полиция қызметкерінен лауазыма төмен бола тұра, теріс қылық таныту белең алып барады", - деп оқыды өзінің депутаттық сауалын Бекназаров, оның мәлімдеуінше, мұндай жағдайлар полицейлерге қатысты заңсыз әрекеттердің қатарын ұлғайтып отыр. Дәлел ретінде республиканың Жоғары сотының бұрынғы төрағасы, қазіргі сенатор статистикалық мәліметтерді келтірді.

Оның мәліметтері бойынша, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамай, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың қатары соңғы бес жылда 10 есеге артқан. Биыл алты айдың ішінде олардың саны 804 адамға жетті. Полицейлерге тіл тигізгендер биыл 400 адамнан асты.

"Бұл көрсеткіштер қазіргі заңның тиімсіздігін көрсетеді. Егер полиция қызметкерлерінің басым бөлігі жергілікті полиция қызметінің жүйесіне қосылса, олар халыққа біршама жақындай түседі және олардың заңды өкілдігі күшейеді. Егер олай істемесек, полицейлерді көшедегі кез келген әйел жұлқып, погонын жұлып алады, одан ары айта беруге болады, солай қорғаймыз оларды", - деді Бекназаров.  

Сенат депутатының айтуынша, осындай әрекетке барған кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылып, заңның ең қатал жазасын өтуі тиіс. Сонымен қатар, ол біздің елде полицейлер туралы көбірек фильм түсіру керек деп есептейді.

"Біз күнде экраннан Ресейдің, Американың және Еуропаның полицейлері туралы фильмдерді көреміз. Яғни біздің елде мұндай мәндегі өзіміздің фильмдеріміз жоқ деген сөз. Отан қорғаушыларды насихаттау заманы жазушы Кемел Тоқаевтың заманымен аяқталды. Кемел Тоқаев қана өз заманында біздің заңды қорғаушыларымыздың еңбегі жайында жазды. Сондықтан үкімет полиция қызметкерлерінің жұмысын насихаттауды құрметтеуге бағытталған идеологиялық жұмыстардың жоспарын құруы тиіс", - деді депутат.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда жергілікті полицияның 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтіні хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети