Сенаторлар мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері нарықта отандық өнімдерді шығару кезінде мафиялық ұйымдардың болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенаторлар мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері нарықта отандық өнімдерді шығару кезінде мафиялық ұйымдардың болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мафия бар. Мысалы, Астанаға көкөністерді оңтүстіктен әкеледі. Оларды тікелей жеткізе алмайды. Сол көкөністерді күтіп алатын адамдардың қолына бермей көр, олар сені өлтіруге дейін барады", - деді сенатор Мұхтар Алтынбаев тауардың өзіндік және бөлшек саудаға өткізу кезіндегі бағасында үлкен айырмашылықтың бар екенін айта отырып.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов осы деректі растады. Оның айтуынша, көптеген шаруа қызметкері шығынға ұшырап жатады. Сондықтан көтерме сауда орталықтарын ашу керек.
"Орталықтарды ашқан күннің өзінде көлік-логистикалық орталықтардың барлығы алып-сатарлар ретінде өз бағаларын бекітеді", - деді Дариға Назарбаева ұлттық "Азық-түлік корпорациясын" мафия деп өтіп. Оның айтуынша, ұлттық компания коммерциялық құрылымға айналып кеткен.
Ал Айтуғанов өз кезегінде қазіргі уақытта "Азық-түлік корпорациясының" несие беру құқығынан және ақша мәселесімен айналысу құқығынан айырылғанын айтты. Вице-министр компанияның тек экспорт орталығы болып қалатынын айтып өтті.
Сондай-ақ, отырыс барысында отандық нан өнімдері сапасының төмен екені айтылды. Сенатор Ләззат Кииновтің айтуынша, отандық нан өнімдеріндегі ашытқылар у болып саналады.
"Бұл ашытқыларды нан пісіргенде қолдануға болмайды. Себебі ашытқыларды шығарушының өзі оны нан пісіруде қолдануға болмайтынын айтқан. Бірақ біз оны қолданып келеміз. Бізден басқа ешкім бұл ашытқыларды қолданбайды. Ашытқыларда формалин бар екен. Ал формалин ол - у. Оны мәйітті сақтап тұру үшін қолданады. Осы у біз қолданып жүрген ашытқыларда бар", - деді Киинов.
"500 теңге тұратын француз наны өте дәмді. Ал нан 60-80 теңге тұратын болса, онда бұл бізде үнемдеу болып саналады", - деді "Азық-түлік корпорациясы" АҚ төрағасының орынбасары Сәбит Кәшкімбаев.
Қайрат Айтуғановтың айтуынша, ол нанды 65 теңгеден сатып алады. Сондай-ақ, вице-министр қымбат нанның тек Францияда емес, сондай-ақ, қазақстандық наубайханаларда пісірілетінін айтты.