Сенаторлар Назарбаевтан кезектен тыс сайлау өткізуге келісім беруді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенаторлар Назарбаевтан кезектен тыс сайлау өткізуге келісім беруді сұрады Cенат ғимараты. ©parlam.kz

ҚР Парламенті Сенаты Нұрсұлтан Назарбаевтан кезектен тыс президент сайлауын өткізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламенті Сенаты Нұрсұлтан Назарбаевтан кезектен тыс президент сайлауын өткізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жалпы отырыста Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы үндеуін қараған жоғарғы палатаның спикері Қасым-Жомарт Тоқаев "мұның дер кезінде көтерілген бастама" екенін мәлімдеді.  

Ол Қазақстанның барлық жетістіктерін ел азаматтары Елбасы есімімен байланыстыратынын атап өтті. "Бұл - Ұлт көшбасшысына деген халықтың берген әділетті бағасы. Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасын қолдау туралы үндеу қабылдауды ұсынамын", - деді Тоқаев. 

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Парламент Сенаты Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынған кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастаманы толық қолдайды. Бұл бастаманы уақыттың өзі туғызып отыр және Қазақстан қоғамының оң көзқарасына ие болды", - деді спикер. 

"Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізден кезектен тыс президент сайлауын белгілеу мәселесін қолдауды және қарастыруды сұраймыз", - деді Тоқаев. 

Бұдан соң ҚХА бастамасына басқа да сенаторлар қолдау білдірді. Депутат Мұхтар Алтынбаев "бұл мәселені әскерилердің тұтас қолдайтынын" айтты. Дауыс берудің нәтижесі бойынша бұл мәселені отырысқа қатысқан 42 депутаттың 41-і мақұлдап, біреуі қарсы болды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети