15 наурыз 2023 | 10:27

Сенатта қауіпсіздік күштерінің судьяларға қысым жасау тетіктері айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат қазақстандық судьяларға қауіпсіздік кепілдіктерін беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сенат қазақстандық судьяларға қауіпсіздік кепілдіктерін беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Түзетулердің бірі судьяларға Конституциялық заңда бекітілген жаңа кепілдік беруге қатысты. Депутат Андрей Лукиннің айтуынша, бүгінде құқық қорғау органдарының судьяларға ықпал ету құралдары бар.

"Олардың (құқық қорғау органдары. - еск) қылмыстық іс қозғалмай кез келген судьяға қатысты арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге құқығы бар. Ол үшін облыс прокурорының санкциясын алу жеткілікті. Осы сәттен бастап құқық қорғау органы судьяны тыңдай алады, ол және оның жеке өмірі туралы деректер жинай алады. Сондықтан судьялардың олардан қорқуына негіз бар", - деді Лукин.

Оның айтуынша, Сенатта талқылау барысында судьяларға қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізуге тек Бас прокурор рұқсат беретіні концептуалды түрде анықталған.

"Бұл кепілдікті Конституциялық заң деңгейінде бекіту ұсынылады. Бұл судьялардың тәуелсіздігін нығайтады", - деп қосты Лукин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети