Қазақстан Парламенті "ҚР Экстремизм мен терроризмге қарсы өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады. Құжат Нұрсұлтан Назарбаевқа қол қойдыру үшін жолданатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Парламенті "ҚР Экстремизм мен терроризмге қарсы өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады. Құжат Нұрсұлтан Назарбаевқа қол қойдыру үшін жолданатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құжатты қабылдамастан бұрын сенатор Дулат Құсдәулетов террористік және экстремистік қылмыс жасаған сотталушыларды түрмеде бөлек ұстауға қатысты мәселені көтерді. Сенатор адамдардың көбінесе түрмеде терроризм мен экстремизмнің ықпалына түсетіндерін айтып өтті. Дулат Құсдәулетовтың айтуынша, мұндай адамдар тобымен жедел түрде және әрқайсысымен жеке жұмыс істеу қажет.
"Ең бірінші рет біз террористік және экстремистік қылмыс жасаған сотталушыларды бөлек ұстау жайлы 2010 жылы Ақтауда қашып кеткен сотталушылармен болған оқиғадан кейін айтқан болатынбыз. Сол кезде қатаң тәртіптегі колониядан 21 сотталушы қашып кеткен. Сонда түрмеден қашқан қылмыскерлер мен олардың сыбайластары экстремистік топтың мүшесі болғаны анықталды" , - деді сенатор депутаттарға.
Сонымен қатар, ол Алматыда биыл жазда террористік акт жасаған лаңкесті де еске алды.
"Руслан Күлекбаевті айтып кету керек. Ол да түрмеде радикал көзқарастың ықпалына түсті. Сондықтан да жұмыс тобының отырыстарында талқыланған ұсыныстардың, олардың ішінде террористік қылмыс жасаған сотталушыларды бөлек ұстау мәселесі әрі қарай ойластырылып, оны мемлекеттік органдар да қарастырады деп сенемін", - деді сенатор.
Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды, ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.