“Сенемін“. Шымкентте қаза болған 21 жастағы Нұрайдың ағасы Тоқаевқа алғыс айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Сенемін“. Шымкентте қаза болған 21 жастағы Нұрайдың ағасы Тоқаевқа алғыс айтты Фото: Otyrar.kz

Шымкентте кісі қолынан қаза болған 21 жастағы студенттің ағасы Сұлтан Серікбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте кісі қолынан қаза болған 21 жастағы студенттің ағасы Сұлтан Серікбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марқұмның ағасы бұл туралы Threads-парақшасында жазды.

"Президентімізге мың алғыс! Көп нәрсе айтқым келеді, бірақ дәл қазір емес. Уақыты келе толықтай бүкіл жағдайды айтып беретін боламын. Қазір бізге ең бастысы "сот" процесінің әділ және онлайн форматта өтуі. Сенемін", – деп жазды ол.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға назар аударған болатын. Президенттің сөзінше, осы оқиға бойынша 130-дан аса өтініш келіп түскен.

"Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды.

Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді", - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан кейін Шымкент полициясының бастығы Нұрлан Алмасбеков жұмысынан босатылғаны белгілі болды.

Айта кетейік, 11 қаңтар Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы студент Нұрай қаза тапты. Полиция адам өлтіру дерегін растады және қылмыстық іс қозғады. Күдікті - марқұмның танысы, ол ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.7  course down  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети