Шенеуніктер елдегі оқиғалардың жетегінде кетпеуі керек еді - депутат уақытша тіркеу туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шенеуніктер елдегі оқиғалардың жетегінде кетпеуі керек еді - депутат уақытша тіркеу туралы Мәулен Әшімбаев. © Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев азаматтардың уақытша тіркеуі туралы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев азаматтардың уақытша тіркеуі туралы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қоғамда дүрлігу заң нормасын сапасыз жүзеге асырудан шыққан. "Құқық қорғау органдары, жергілікті әкімдіктер, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының үстінен қарайтын "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы заңды сапалы түрде орындауы керек болған. Бірақ заңның сапалы жүзеге асырылмағанын айту керек. Шенеуніктер заңды орындау бойынша ескерту әрекеттерін қолданған жоқ. Яғни елде болып жатқан оқиғалардың жетегінде кетті. Олар оқиғалардың жетегінде кетпей, ескерту әрекеттерін жасауы керек еді. Осы заңды орындауда атқарушы органдардың тарапынан тиімді жұмыс жүргізілмеді. Заң желтоқсан айының соңында қабылданды, сәйкесінше түсіндіру жұмыстарын жүргізуге уақыт болған, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының осы бағытта жұмыс істеуге уақыты бар еді. Тіркеуді оңтайландыратын, Интернет мүмкіндіктерін белсенді қолданатын механизмдер жасалуы тиіс еді", - деді мәжілісмен. 

Мәулен Әшімбаев уақытша тіркеу туралы шу шығарған заңның қазақстандықтардың елде көшіп-қонуына шектеу қоймайтынын атап өтті.

"Мұнда заңның азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын және жүріс-тұрысқа шектеу қоймайтынын есеп алу керек. Сондықтан осы заңды жасағандар - үкімет, Мәжіліс пен Сенат депутаттары азаматтарымызды түрлі проблемадан, қауіп қатерлерінен қорғайтын заңды қабылдады (...). Осы заңды талқылау кезінде депутаттар, жұмыс топтары үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық ұйымдармен, Парламентке өтпеген саяси партиялармен белсенді әрекеттесті. Отырысқа шақырылған жұмыс тобының мүшелері, мамандар, азаматтық сектордың өкілдері бұл заңның негізгі параметрлерін қолдады. Заң жобасы талқылау кезеңінде қауіпсіздік пен әріптестік жөніндегі ұйымыға (ЕҚӘҰ) да жіберіліп, сол ұйымның мамандары бұл заңды қарап, қолдау білдірген", - деді депутат.

Еске сала кетейік, кеше Үкімет басшысы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты уақытша тіркеуге байланысты туған дүрлігу үшін сынға алған болатын. "Тағы бір мәселе - азаматтарды уақытша тіркеуді енгізу". ХҚКО-ларда қандай жағдай болып жатқанын көріп отырмыз. Мәлімет аз, сұрақ көп. Біздің меморгандар түсіндіргісі келеді, бірақ халық оны қабылдамай жатыр", - деген еді Сағынтаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети