Шенеуніктер оқулық тапшылығы жөнінде түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шенеуніктер оқулық тапшылығы жөнінде түсінік берді ©Ярослав Радловский

Алматы қалалық білім басқармасының мамандары қалада оқулық тапшылығы туындағаны туралы қауесеттерге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысқан тамыз кеңесінен.

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, Алматыда мектеп оқулықтары жетіспей жатыр, ата-аналар бірнеше күн бойы ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Әсіресе, 3-5 сыныптарға арналған орыс және қазақ әдебиеті оқулықтары тапшы.

"Егер оқулық тапшы боп жатса, сондай ақпарат шынымен білім басқармасына келіп түсетін болса, біз оны қарайтын боламыз. Биыл оқулықтарға миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, проблема болмайды деп ойлаймын", - деді Алматы қалалық білім басқармасының жетекшісі Рахат Шимашева тамыз кеңесінің сыртында журналистерге. 

Еске сала кетейік, оқулықтар тапшылығы туралы ақпаратты кітаптарды өз қаржысына сатып алуға наразы болған ата-аналар таратты. Кейін Білім және ғылым министрлігі оқушылардың тегін оқулықтармен кезең-кезеңмен қамтылатынын түсіндірді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети