Серік Әбденов ҚазМұнайГаз директорлар кеңесінен шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Әбденов ҚазМұнайГаз директорлар кеңесінен шығып қалды Серік Әбденов. © Ярослав Радловский

Серік Әбденов "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ директорлар кеңесінен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Әбденов "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ директорлар кеңесінен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ сайтында компанияның директорлар кеңесінің отырысы өткені және жалпы акционерлердің жиналысы туралы ақпарат пайда болды.  

"АЖЖЖ отырысы барысында Директорлар кеңесі 2018 жылғы 23 мамырды қоса алғанға дейінгі өкілеттік мерзімге қайта сайланды. Директорлар кеңесінің жаңа құрамына үш жаңа мүше қосылды - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ ("ҚМГ ҰК") өкілдері ретінде Дәурен Қарабаев пен Ардақ Мұқышев, олар Серік Әбденов пен Әсия Сырғабекованың орнын алмастырды, сондай-ақ, ҚМГ БӨ Тәуелсіз атқарушы емес директоры ретінде Директорлар кеңесінің құрамына Фрэнсис Соммер сайланды, ол Эдвард Уолштың орнын алмастырды", - делінген ақпаратта.

Директорлар кеңесінің отырысында ҚМГ ҰК мұнай және газ өндіру жөніндегі аға вице-президенті Игорь Гончаров ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды.

2016 жылы бұрынғы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ директорлар кеңесінен мүшесі болған. Ол кезде Әбденов компанияның адам ресурстарын басқару бойынша вице-президент болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети