Серік Ахметов мерзімінен бұрын босатпау туралы шешімге шағым түсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов мерзімінен бұрын босатпау туралы шешімге шағым түсіреді

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов Қарағанды қалалық Қазыбек би аудандық сотының шешіміне апелляциялық шағым берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов Қарағанды қалалық Қазыбек би аудандық сотының шешіміне апелляциялық шағым берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұрынғы премьер-министр өтелмеген мерзімін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына тыйым салу және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу тыйымын алып тастамау шешіміне келіспеді. 

"Апелляциялық шағым Қазыбек би аудандық сотына кеше түсті және бізге әзірге жеткен жоқ", - деді Қарағанды облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері. 

Биыл қазанда адвокат Серік Ахметовті бас бостандығын шектеуді алып тастау және мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берді. Сондай-ақ, қорғау Ахметовтен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны алып тастау мүмкіндігін қарастыруды сұраған еді. 
 

Сонымен қатар, прокуратура өкілі өтінішті қанағаттандыруға қарсы шықты. Нәтижесінде сот экс-премьерді мерзімінен бұрын босатпауды ұйғарды. 

Еске салайық, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов мүлкі тәркіленіп, он жылға бас бостандығынан айырылған. 

Қазынаға 2,2 миллиард теңге көлемінде өтемақы төлегеннен кейін сот сотталушыға қамау мерзімін он жылдан сегіз жылға дейін қысқартты. 2017 жылдың қаңтар айында Серік Ахметовке рақымшылық жасалып, мерзімі қысқарды. 

2018 жылдың мамыр айында Серік Ахметов Қарағанды сотынан бас бостандығын шектеуді айыппұлға ауыстыруды сұраған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети