Серік Ахметовтің жаза мерзімі рақымшылыққа байланысты қысқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметовтің жаза мерзімі рақымшылыққа байланысты қысқарды Серік Ахметов. © Tengrinews.kz

Экс-премьер-министр Серік Ахметовтің жаза мерзімі рақымшылыққа байланысты қысқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Абай аудандық соты Қарабас ауылындағы 159/18 колониясында рақымшылық мәселесін жабық тәртіпте қарады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-премьер-министр Серік Ахметовтің жаза мерзімі рақымшылыққа байланысты қысқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Абай аудандық соты Қарабас ауылындағы 159/18 колониясында рақымшылық мәселесін жабық тәртіпте қарады.

"Серік Ахметовке қатысты өтелмеген жазасының қалған төрттен бір бөлігін "ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңының күшіне енуіне байланысты қысқарту туралы өтініш келіп түсті. Өтініш Ахметовтің өтінішіне байланысты түсірілген. Сотталған Серік Ахметовтің өтелмеген жазасының төрттен бір бөлігі, яғни 1 жыл 7 ай 11 күнге қысқартылды, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Абай аудандық сотының БАҚ жөніндегі координаторы Ардақ Жұмашев.

Соттағылардың айтуынша, Серік Ахметовтің ендігі жазасының мерзімі - 4 жыл 10 ай.

Еске салайық, сотталған Серік Ахметов мемлекетке келтірген шығынның 2,2 миллиард теңгесін өтеп қойды. Осыған байланысты сот оның жаза мерзімін он жылдан сегіз жылға дейін қысқартты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети