Серік Нокин қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Нокин қызметінен босатылды Серік Нокин. ©Primeminister.kz

Серік Нокин ҚР Өңірлік даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Нокин ҚР Өңірлік даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 4 маусымдағы №608 қаулысымен ҚР Өңірлік даму вице-министрі Нокин Серік Кеңесұлы өз еркімен қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Өңірлік даму министрінің жаңа орынбасары болып Ақмола облысының бұрынғы әкімі Қосман Айтмұхаметовтің тағайындалғаны хабарланған еді. 

55 жастағы Серік Нокин - Саратов химиялық қорғау жоғары әскери-инженерлік училищесі мен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі. Әр жылдары цех шебері, цех бастығы, Ақтөбе хром қосындылары зауыты директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары, зауыт басшысы қызметтерін атқарды.

2002 жылы Нокин Атырау облысы әкімінің орынбасары, 2006 жылы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды. 2008-2009 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінің төрағасы болып төрт жыл жұмыс істеді. 2013 жылдың ақпанынан бастап, ҚР Өңірлік даму вице-министрі болды.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети