"Серік Сәпиев. Шыңды бағындыру" деректі фильмі жеңімпаз

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Серік Сәпиев. Шыңды бағындыру" деректі фильмі жеңімпаз Серік Сапиев. Фото ©REUTERS

XII халықаралық "Красногорский" кинофестивалінде "Серік Сәпиев. Шыңды бағындыру" деректі фильмі "Үздік батыр" аталымы бойынша жеңімпаз болды, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

XII халықаралық "Красногорский" кинофестивалінде "Серік Сәпиев. Шыңды бағындыру" деректі фильмі "Үздік батыр" аталымы бойынша жеңімпаз болды, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Жеңімпаздарды марапаттау барысында, фестиваль президенті Ирина Роднина картина авторы, әрі продюсері Ольга Сапожникованы өзі құттықтады. Ол фильмде Олимпиада және екі дүркін әлем чемпионының тағдыры, спорттық карьерасы туралы баяндалады.

Қазылар алқасының төрағасы, белгілі актер Евгений Герасимов, Серік Сәпиевтің қазақстандық спортқа сіңірген еңбегін айта келе, "Серік Сәпиев. Шыңды бағындыру" фильмін еліміздегі барлық мектептерде көрсету керектігін атап өтті. 

30 жастағы қазақстандық боксшы Серік Сәпиев 2012 жылы Олимпиада шыңынан көрінсе, 2005 және 2007 жылдарда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети