Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Серік Ахметов тұтқындалғаннан кейін ведомствода жан-жақты тексеру басталды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Ақпарат құралының хабарлауынша, ведомство кабинеттерінде тінту жүріп жатыр, Бас әскери прокуратураның тергеушілері сейфтерден қаржы құжаттарын тәркілеуге кірісті. Қадағалаушы орган қызметкерлері Серік Ахметов жұмыс істеген кездегі құжаттарға ерекше мән беріп отыр.

Құқық қорғау органдары Қорғаныс министрлігіндегі ірі соманы жымқыру схемасын тергеп жатыр. Тергеушілердің мәліметінше, қаражат жарнама кампанияларының құнын арттыру арқылы жымқырылуы мүмкін. Келісімшарт негізіндегі әскери қызмет туралы роликтер ұзақ уақыт бойы ірі телеарналардың эфирінен берілген.
Бір кездері Серік Ахметов басқарған Қарағанды облысында да бірнеше тергеу бригадалары жұмыс істеп жатыр. Олар жоғары лауазымды шенеуніктердің ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы материалдар жинастыруға кірісті. Күдіктінің өзі үй қамауында екенін еске сала кетейік. Оған телефонды және Интернетті қолдануға тыйым салынған.
Еске сала кетейік, Серік Ахметовке бюджет қаражатын жымқырды деген күдік келтірілді. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды мен Қарағанды облысының, "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның, "Металлургия-Металл өңдеу" Индустриялық паркі" арнайы экономикалық аймағының бұрынғы басшылары: Бауыржан Әбдішев, Мейрам Смағұлов, Анатолий Ессе, Ғұмар Рахымжанов және басқа да тұлғаларға қатысты ауыр жемқорлық қылмыстары бойынша істі тергеп жатқанын хабарлады. Соңғысы жуырда кепілмен босатылды.