Қарағанды қаласының №1 аудандық соты Серік Ахметовтің бұлтартпау шарасы - үй қамауына алу мерзімін тағы екі айға ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Еске сала кетейік, Серік Ахметов бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталған болатын.
Қарағанды қаласының №1 аудандық соты Серік Ахметовтің бұлтартпау шарасы - үй қамауына алу мерзімін тағы екі айға ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Еске сала кетейік, Серік Ахметов бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталған болатын.
"Үй қамауына алуды ұзарту күдіктінің қылмыстық істің материалдарымен танысып шығуы үшін қажет", - деді Қазыбек би аудандық №1 сотының судьясы Еркеш Мәукен. - Үй қамауына алу мерзімі екі айға ұзартылды, себебі қылмыстық іс ірі, осыған байланысты іс материалдарымен танысып шығуға жеткілікті уақыт берілді". Осылайша үй қамауына алу бұлтартпау шарасы 18 ақпаннан 18 сәуірге дейін ұзарды.
Серік Ахметовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. 12 ақпанда экс-министр мен оның қорғаушылары қылмыстық істің материалдарымен танысуды бастады. Бұдан кейін Серік Ахметовке аса ірі көлемде ақша жымқырды деген айып ресми түрде тағылады. Күдікті мемлекеттік қызметте адал жұмыс істедім деп, өз кінәсін мойындаған жоқ. Серік Ахметов пен Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке қатысты қылмыстық істер бірдей эпизодтарының болуы себепті біріктірілгендіктен істің көлемі көбейіп, 100 томнан асып кетті.
Серік Ахметовке алты эпизод бойынша күдік келіп отыр: аса ірі көлемде (2,4 миллион доллар ) пара алды, бюджеттің 1,1 миллиард теңге көлемінде қаржысын жымқырды, қызмет бабын теріс пайдалана отырып, мемлекетке 1 миллиард теңге көлемінде шығын келтірді және кәсіпкерлік іс-әрекеттерге заңсыз қатысты деген. Бұл айыптар бойынша Ахметовпен бірге қылмыстық жауапкершілікке Бауыржан Әбдішев, Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов, "Қазақстан өнеркәсіп корпорациясы" ЖШС директорының орынбасары Әлжан Ақмолдаев және басқалар да тартылып отыр. Оларға қатысты қылмыстық істі тергеу де аяқталды. Осы іс бойынша жалпы 23 адам жауапкершілікке тартылды. Олардың келтірген шығыны 3 миллиард теңге көлемінде.
Тергеушінің өтініші бойынша, 2012 жылы "Металлургия-Металл өңдеу" индустриялық паркі аумағында инфрақұрылымның, атап айтқанда, кәріз жүйелерінің құрылысы жүрген. Тергеудің мәліметінше, Қарағанды облысы әкімдігінің басшысы мен облыстың бұрынғы әкімі Серік Ахметов алдын ала сөз байласып, қосалқы мердігер - "Центрстрой-комплект НС" ЖШС чех жабдығын арзан жабдықпен ауыстырған. Жабдықтың екі түрінің арасындағы 1 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі айырманы күдіктілер өзара иемденген. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмысты жасыру үшін делдал фирмалар желісін ашып, олардың шотына ақшаны аудару арқылы бюджет қаражатын жылыстатудың схемасын жасаған.
Еске сала кетейік, Серік Ахметов өзінің еңбек жолын Қарағанды облысында бастады. Теміртау қаласының және Қарағанды облысының әкімі болды. 2011 жылы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, 2012 жылы Премьер-министр қызметтеріне тағайындалды. 2014 жылы Серік Ахметов ҚР Қорғаныс министрі болып, бұл қызметте жарты жыл жұмыс істеді.