Серік Ахметовтің өлімі туралы қауесет ресми түрде жоққа шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметовтің өлімі туралы қауесет ресми түрде жоққа шығарылды ©Tengrinews.kz

Бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметов суицид жасады делінген ақпарат Қарағандыда ресми түрде жоққа шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметов суицид жасады делінген ақпарат Қарағандыда ресми түрде жоққа шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Үй қамауында отырған бұрынғы министр суицид жасады делінген ақпарат 9 қаңтарда пайда болды. Ол әлеуметтік желілерде таралды. Келесі күні бұл қауесетті Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент өкілдері жоққа шығарды. Департаменттің антикоррупциялық насихат және қоғаммен өзара байланыс бөлімінің жетекшісі Дидар Смағұловтың айтуынша, Серік Ахметов Қарағандыда өз үйінде. Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері оны тәулік бойында бақылап отыр. Айыпталушыға тергеушінің рұқсатынсыз бөтен адамдармен сөйлесуге тыйым салынған.  

Осыған дейін ҚР бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметовтің үй қамауында үшінші айға қалатыны хабарланған еді. Осылайша бұрынғы қорғаныс министрі 2015 жылдың 18 ақпанына дейін үй қамауында отырады. Еске сала кетейік, Cерік Ахметов бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отыр. Тергеудің мәліметінше, оған тағылып отырған қылмысты ол Қарағанды облысының әкімі болып қызмет істеген кезде жасаған. Ол өз кінәсін мойындамайды. Серік Ахметов осы жылдың 22 қазаны күні қорғаныс министрі қызметінен өз еркімен кеткен болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети