Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Серік Ахметовтің туыстары мемлекеттің 2 миллион долларға жуық шығынын өтеді

27 Шілде 2015, 17:17
1

Дүйсенбі, 27 шілде күні сыбайлас жемқорлыққа байланысты сот алдына келген Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің ағасы келтірілген шығынның өтемі ретінде мемлекетке 430 миллион теңгені (2,29 миллион доллар) қайтарды, - деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне жедел-тергеу тобындағылар.

"Ахметовтің өзі де, іс бойынша куәгер болған ағасы да мемлекетке шығын келгенін мойындамады. Алайда оның ағасы Ахметовке артылған шығын сомасының жартысын төлеуге шешім қабылдады. Ол соманың жартысына жуықтайды", - дейді тергеу тобындағылар.

Ахметовтің мемлекетке келтірген шығынының жалпы сомасы, тергеу тұжырымы бойынша, 1,2 миллиард теңгеге (6,4 миллион доллар) тең.

Агенттікке мәліметет беруші адамның сөзіне қарағанда, Ахметовтің ағасы "Сталь цинк" ЖШС-ның директоры, ол кәсіпорын қылмыстық істің материалдарында көшені жарықтандыруға арналған тіректерді орнату бойынша мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігін алушы ретінде айтылған.

Дүйсенбі күні Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке, сонымен қатар, Қарағанды облыстық әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты істің алдын ала тыңдауы Қарағандының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өтті.

Олардың барлығы қызметін асыра пайдаланды, бюджет қаржысын жымқырды және кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласты деп айыпталып отыр. Сонымен бірге, Ахметов ірі көлемде пара алды деп айыпталды. Қылмыстық істің көлемі 338 томға жетті. 

Серік Ахметов - Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі, ол премьер-министр, бірінші вице-премьер, оған дейін Қарағанды облысының әкімі болды. 2014 жылы 18 қарашада ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен үй қамауына алынды. Үй қамауының мерзімі бірнеше рет ұзартылды.

Кейін Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Авт.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай