06 қыркүйек 2016 | 21:16

Серік Ахметовтың өлімі жайлы қауесет таратқан адам кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жандос Байшеміров © vk.com Жандос Байшеміров © vk.com

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың өлімі жайлы қауесеттерді таратқан 26 жастағы тұрғын Жандос Байшеміров Ахметовтен кешірім сұрады. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Байшеміров кешірімді Ахметовке хат жазған.  


Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың өлімі жайлы қауесеттерді таратқан 26 жастағы тұрғын Жандос Байшеміров Ахметовтен кешірім сұрады. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Байшеміров кешірімді Ахметовке хат жазған.  

"Мен Серік Нығметұлына хат жаздым. Мен одан кешірім сұрап, дені сау болуын әрі отбасына тезірек қайтып оралуын тіледім. Мен хатты колонияға ресми түрде жібердім. Жауап келмеді, келесі күні мені колонияға алып кетті", - деді Байшеміров. 

Жамбыл облысының Көгершін ауылының 25 жастағы тұрғынының айтуынша, 2015 жылдың тамыз айында өз қылығы үшін оған қомақты көлемде (екі миллион теңге) айыппұл салынған. Алайда, бұл қаражатты төлей алмаған ол 241 күн (шамамен сегіз ай) бойы колонияда болған. "Мен сегіз ай бойы Жамбыл облысындағы жалпы тәртіптегі қоныс колониясында болдым, 3 қыркүйекте босап шықтым. Маған жақсы қарады, мені барлығы таниды", - деп бөлісті Байшеміров.

Еске сала кетейік, Көгершін ауылының 25 жастағы тұрғыны Жандос Байшеміров "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде "Руслан Маекеев" деген атпен фейк-аккаунт ашып, 9 қаңтарда Серік Ахметовтің өлімі жайлы мәлімет жазылған пост жариялады. Келесі күні бұл қауесетті Қарағанды облысының мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің өкілдері жоққа шығарды. Байшеміровты ішкі істер департаментінің және ҰҚК департаментінің қызметкерлері 24 қаңтарда ұстады. Ол қауесет таратқанын мойындады. Ұсталған азаматтан компьютер мен ұялы телефон тәркіленген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети