Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтың ісі бойынша сотталған "Металлургия және металөңдеу" компаниясының бұрынғы директоры Анатолий Эссе мен Қарағанды қаласының бұрынғы әкімінің орынбасары Айдар Телғарин шартты түрде мерзімінен бұрын шығу туралы өтінішін қайтарып алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қарағанды облысының Абай аудандық БАҚ-пен жұмыс бойынша судья Гүлнар Марзалинова хабарлады.

14 шілде күні Айдар Телғарин және 27 шілде күні Анатолий Эссе шартты түрде мерзімінен бұрын шығу өтініш беріп, оны себебін түсіндірмей өздері қайтып алған.
Еске салайық, Анатолий Эссе ҚР қылмыстық кодексінің 176-бабының 4-бөлігінің "б" тармағы бойынша жеті жыл бас бостандығынан айырылған, ал Айдар Телғарин ҚР қылмыстық кодексінің 307-бабының 4-бөлігі бойынша төрт жылға сотталған.
Осыған дейін, Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы, 3 жылға сотталған Ернар Дәрібеков шартты түрде мерзімінен бұрын шыққан болатын. Сондай-ақ, экономикалық қылмыс жасағаны үшін бес жылға сотталған (Қарағанды облысының бұрынғы әкімі) Бауыржан Әбдішев шартты түрде мерзімінен бұрын шықты.
Экс-премьер Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді, сонымен қатар оның мүлкі тәркіленген. Серік Ахметов 2014 жылдың қарашасында үй қамауына алынған болатын. Сот отырысы 2015 жылдың тамызында басталып, төрт айға жалғасты. Қылмыстық іс 338 томға жетті, оның 9 томы айыптау актісі. Жалпы 82 сот отырысы өтті. Іс бойынша 260 куәгерден жауап алынды. Процесске 4 мемлекеттік айыптаушы және 42 адвокат пен қорғаушы қатысты. Қазіргі заңнамаға сәйкес, соттың әділ өтуі үшін отырыстың ашық саясатын ұстану бойынша сәйкес шаралар жүргізілді.