Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Серік Баймағанбетовтің мерзімінен бұрын босатылу себептері айтылды

03 Наурыз 2015, 16:35
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Қарағанды сотының өкілдері Серік Баймағанбетовтің мерзімінен бұрын босатылу себептерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазыбек би аудандық сотының 2015 жылдың 4 ақпаны күнгі қаулысымен Серік Баймағанбетовтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылды. Кедендік бақылау комитетінің экс-басшысы өз жазасы 10 жылдан бес жылға дейін қысқарғаннан кейін өтініш жазуға мүмкіндік алды. 

Аудандық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталған Баймағанбетов мұның алдында рақымшылық жасауды сұрап, Мемлекет басшысына өтініш жазған. "ҚР Президентінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі кешірім беру туралы жарлығына сәйкес, Серік Баймағанбетовке соттың берген жазасы 10 жылдан бес жыл бас бостандығынан айыруға дейін қысқартылды", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Қазыбек би аудандық сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Әлия Жошева. 

"Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының 2015 жылдың 13 қаңтары күнгі қаулысымен бұл үкім республиканың жаңа Қылмыстық кодексіне сәйкестендірілді және сот ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы және 55-бабы бойынша сотталған Баймағанбетовке жалпы режимдегі колонияда 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді деп есептеді. Өзінің заңды құқығын пайдалана отырып, ол белгіленген бес жылдың үш жылдан астамын өтегеннен кейін Қарағандының Қазыбек би аудандық сотына шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жасады. Ол өзін жақсы жағынан көрсетті, режимді бұзбады, борышты болған жоқ, жаза мерзімінің жартысынан астамын өтеді. Сот қылмыс бойынша шығын келмегенін және сот шығындарының мемлекеттің пайдасына өндірілгенін анықтады", - деді Әлия Жошева. 

Жошеваның айтуынша, сот Баймағанбетовтің мерзімінен бұрын босату туралы өтініші негізді деген қорытындыға келді. Соттың қаулысы 2015 жылдың 20 ақпанында заңды күшіне енді және оған ешкім шағым не қарсылық келтірген жоқ. 

Еске салайық, 2013 жылдың қаңтарында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағанбетов 80 мың доллар көлемінде пара алуға және қызметтік өкілеттігін теріс пайдалануға айыпты деп танылған болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай