Серік Жүнісбеков ШҚО Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Жүнісбеков ШҚО Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды Серік Жүнісбеков

Серік Тұрсынәліұлы Жүнісбеков Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Тұрсынәліұлы Жүнісбеков Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Серік Жүнісбеков тағайындалғанға дейін ШҚО ЖПҚ бастығының міндетін атқарған болатын.

Жүнісбеков Серік Тұрсынәліұлы құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.

Ол Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2005 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген. 2007 жылы ҚР ІІМ академиясының күндізгі оқу бөлімінің адъюнктурасын бітірген.

Қызметін Жамбыл облысы ІІБ 2-полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып бастады.

Қызмет еткен жылдары әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде Жамбыл облысы ІІД әкімшілік Полиция басқармасының бастығы, Жамбыл облысы ІІД орынбасары, М.Есболатов атындағы ІІМ Академиясы бастығының орынбасары болды.

Жоғары кәсіби қасиеттері үшін 2019 жылы Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Биыл наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети