Серік Сәпиев Динара Сәтжанға берген сұхбатында жаңа жұмыс орнын атады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Сәпиев Динара Сәтжанға берген сұхбатында жаңа жұмыс орнын атады © instagram/dinarasatzhan

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы қызметінен босатылған Серік Сәпиев Динара Сәтжанға берген эксклюзив сұхбатында жаңа жұмыс орнын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы қызметінен босатылған Серік Сәпиев Динара Сәтжанға берген эксклюзив сұхбатында жаңа жұмыс орнын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық Олимпиада комитетінде жұмыс істеймін деп айта аламын", - деді бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы.

Ол комитетте қандай лауазымға тағайындалатынын нақты айтқан жоқ.

Халықаралық олимпиада комитетінде жұмыс істегіңіз келе ме деген сұраққа Сапиев "ойлануға болады" деп жауап берді.

"Ол туралы ойламадым. Бірақ жалпы алғанда, халықаралық ұйымда жұмыс істеу елдің мәртебесін, халықаралық ұйымда жұмыс істейтін адамның мәртебесін көтереді. Неге болмасын, ойлануға болады", - деді ол. 

Сәпиев 2019 жылдың 30 қаңтарынан бастап Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетін басқарды. 19 қазанда Сәпиев қызметінен өз еркімен кеткені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети