Серікбай Трұмов Қазақстан халқы алдында ант берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Серікбай Трұмов Қазақстан халқы алдында ант берді

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Серікбай Трұмов Сенат отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Серікбай Трұмов Сенат отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа депутатты таныстырып, оны құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға және өзіме сеніп тапсырылған депутат міндеттерін адал орындауға ант беремін", - деді Трұмов.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, жаңа сенатор Аграрлық мәселелер, экологиялық менеджмент және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне сайланған.

Айта кетейік, Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Серікбай Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама