10 қыркүйек 2021 11:22

Серікбай Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Серикбай Трұмов Фото: Серикбай Трұмов

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Серікбай Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Серікбай Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7 қыркүйекте Президент Серікбай Трұмовты Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатқан. Бұрынғы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған болатын.

Серікбай Трұмов 1964 жылы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары трест бетоншысы, оқу-өндірістік комбинаттың оқытушысы, сондай-ақ жетекші инженер болып жұмыс істеген.

2004-2006 жылдары Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі болды.

2006-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2008 жылдың қарашасынан 2012 жылдың ақпанына дейін Түпқараған ауданының әкімі болды.

2012-2015 жылдары Жаңаөзен қаласының әкімі қызметін атқарған.

2015-2017 жылдары Ақтау қаласының әкімі болды.

Маңғыстау облысының әкімі қызметін 2019 жылдың маусым айынан бастап атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети