Шешенстандық экс-полицей соққыға жығылды деген ақпарат жалған - полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шешенстандық экс-полицей соққыға жығылды деген ақпарат жалған - полиция Видеодан алынған кадр.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Қазақстанда Шешенстанның экс-полицейі соққыға жығылды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Қазақстанда Шешенстанның экс-полицейі соққыға жығылды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, ресейлік БАҚ-тар таратып жатқан ақпарат жалған.

"Ресейлік порталдарда жарияланып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Нұр-Сұлтан қалалық полицейлер елордадағы кафелердің бірінің маңында түсірілген видеожазба 4 қарашада жазылған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлер 33 жастағы ер адамның 41 жастағы жергілікті тұрғынды соққыға жыққанын анықтады. Олардың барлығы - қазақстандықтар", - делінген хабарламада.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Қолында тапаншаға ұқсас зат болған ер адамды іздестіру мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Еске салайық, мұның алдында Қазнетте Шешенстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі нокаутқа түскен деген сипаттама жазылған видео тараған еді. БАҚ мәліметінше, оқиға Қазақстанда клубтардың бірінің алдында болған. Аюб Катаев қарсыласын итеріп жібереді, осы кезде дене тұрпаты шағындау келген ер адам оны қос соққымен ұрып құлатады.  Ал кейбір БАҚ оқиғаның Мәскеуде болғанын жазған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети