Шетелдегі қазақтарға ақпарат орталығы қолдау көрсетеді

Шетелдегі қазақтарға ақпарат орталығы қолдау көрсетеді

Еліміз бойынша атамекенге оралғандардың құжаттарын заңдастыруға және қандастардың кез-келген түйіткілді мәселелерін шешуге көмектесетін Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен "Отандастар қорының" бірыңғай ақпараттық орталығы жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл орталық оралман куәлігін алу, елімізде тұрақты тұруға рұқсат алу және азаматтық алу үшін құжаттар жинау үдерісіне заңдық және ақпараттық жағынан жедел кеңес береді. Оның құрамына кіретін фронт-офистер қандастарды алаңдатқан мәселелерді анықтап, тиісті мекемелер арқылы тез шешуге көмектеседі.

Бұған қоса қандастарымызға жұмыс өтіліне қарай зейнетақы төлеу, сондай-ақ, өңірлік квотаға енгізілген ағайындарымызға көшіп келу жол шығындарын өтеу және үй жалдауға субсидия беру жайында да ақпарат алуға болады. "Атамекен" ҰКП, "ҚазАгро" холдингі, "Даму" қоры, "Kazakh invest" ұлттық компаниясы арқылы қандастарымыздың қандай несиелер алып, кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыруға болатыны туралы да кеңестер беріледі.

"Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының" мен "Отандастар қоры" өңірлердегі өкілдігі саналатын фронт-офистер еліміздің 10 қаласында ашылған болатын. Өткен жылы 5 қалада ашылса, жаңа жылдан бастап тағы 5 қалада іске кірісті.

2019 жылы 1404 нөмірлі ақпараттық орталыққа 2640 қандасымыз қоңырау шалып, хабарласса, фронт-офистерге 1587 қандасымыз қабылдауға келді. Олар көтерген мәселелер құзырлы мекемелерге жіберіліп, жедел шешімін тапты. Ақпараттық орталыққа мобильді және қалалық телефондар арқылы +7 7172-23-59-38 немесе 1404 нөміріне хабарласуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети