Сеул - Алматы рейсі алты сағатқа кешігіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сеул - Алматы рейсі алты сағатқа кешігіп жатыр ©REUTERS

"Эйр Астананың" Сеулден Алматыға қатынайтын рейсі алты сағатқа кешігіп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz жолаушылардың Twitter-дегі хабарламалары бойынша. Бұл ақпаратты әуе компаниясының өкілдері растады. "KC910 рейсі Сеул уақыты бойынша 10.00-де ұшып шығуы тиіс болатын, бірақ техникалық себептерге байланысты ұшу кейінге қалдырылды. Алдын ала мәліметке қарағанда, ұшу 16.00-де іске асырылуы мүмкін", - дейді "Эйр Астана" өкілдері. Бұған дейін "Эйр Астана" ұлттық әуе тасымалдаушысы тұманға байланысты төрт рейсті кідірткен болатын. Алматы - Астана, Алматы - Дели, Алматы - Шымкент, Алматы - Атырау бағыттарының жолаушыларына әуежайда қалуға тура келген. Ауа райының қолайсыз болуына және Алматыға ұшақтардың кеш келуіне байланысты Орынбор, Ташкент, Қызылорда, Өскемен қалаларынан келетін рейстер кідіртілген. Өткен қаңтар айында атмосфера қысымының жоғары болуына байланысты бірнеше рейстің кейінге қалдырылғаны белгілі. Атырау - Ақтау, Атырау - Астана және Мәскеу - Атырау бағыттары бойынша екіжақты рейстер кестесінен кешеуілдеп, бірақ сол күні-ақ қалпына келтірілген болатын. Жуырда "Эйр Астана" компаниясының Киевке рейстерді қысқартатыны хабарланған еді. Бұған қараша мен наурыз аралығында сұраныстың азаюы себеп. Қазіргі уақытта жолаушылар ұшақтары Украина астанасына аптасына бес рет қана ұшады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети