ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Сеулде қаза болған Қазақстан азаматының құмар ойындарға тәуелді болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомствоның мәліметінше, 32 жастағы қазақстандық Сеулде бір жыл уақыт болған.

Жайнақовтың айтуынша, ер адам 29 мамырда шамамен сағат 23.40-та 10 метрлік көпірден құлап кеткен.
"Полицияның мәліметінше, ер адам суицид жасаған. Елшілік ер адамның денесін Қазақстанға жеткізу мәселесін қарастырып жатыр. Ол құмар ойындарға тәуелді болған. Бір жыл уақыт сонда жұмыс істеген. Ер адамның өзімен бірге күнделігі болған. Күнделік туыстарына берілді. Елшіліктегілер қаза тапқан ер адамның туыстарына қайғылы оқиға жайлы хабарлады.", - деді Әнуар Жайнақов.
Еске сала кетейік, осыған дейін Сеулде саябақта 32 жастағы қазақстандықтың қаза болғаны жайлы хабарланған болатын. Бұл оқиға саябақ ашылғаннан кейін 10 күннен соң болып отыр.