07 ақпан 2023 | 12:28

Сейсмолог Алматыдағы ықтимал жер сілкінісі бойынша болжам жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстандық сейсмолог Алматы аймағында жеті ба лдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық сейсмолог Алматы аймағында жеті ба лдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институты директорының орынбасары Нұрсарсен Өзбеков Түркиядағы жойқын жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Анадолы таулы аймағы планетаның осы бөлігіндегі ең белсенді және сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі саналады. Онда күшті және жойқын жер сілкінісі бұрын да болған, мысалы, 1999 жылғы Измир жер сілкінісінің күші 7,6 балл болған. 1992 жылы 100 мыңнан аса адам тұратын Эрзинджан қаласы маңында 7-8 балдық жер сілкінісі болған.

Облысымыздың сейсмикалық қауіптілігіне қатысты Сейсмология институты директорының орынбасары оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктері сейсмикалық белсенді, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын атап өтті. Шығыс Қазақстан облысынан Қызылорда облысына дейін сейсмикалық қауіпті жерлер бар, жерасты дүмпулері жетіден тоғыз балға дейін жетуі мүмкін. Алматы аймағында осыған байланысты аса қауіпті саналады, өйткені мұнда күшті жер сілкінісі 1887 және 1911 жылдары болған.

Сейсмология институты орта және ұзақ мерзімді болжамдар шеңберінде сейсмикалық жағдайды бағалайды. Орта мерзімді жоспар жылына екі рет – жыл басында және ортасында құрастырылады.

"Жақында ғана Алматы полигоны аумағындағы жер сілкінісінің орташа мерзімді болжамы бойынша қорытынды әзірледік, ол уәкілетті органдарға ұсынылды. Осы қорытындыға сәйкес, 2023 жыл ішінде Алматы полигоны аумағында жеті балдық жер сілкінісі күтілмейді. Ғылыми зерттеулер бойынша апта сайынғы қысқа мерзімді қорытынды жасалады, ол 200-ден аса болжамдық параметрлерді талдау негізінде құрастырылады. Осы тұжырымдар бойынша алдағы аптада бәрі тыныш болады", - деді Нұрсарсен Өзбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети