Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Матаев Алматы облысы Заречное ауылындағы колониядан шықты. Осы сәтте оны туыстары мен журналистер күтіп алды.
Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Матаев Алматы облысы Заречное ауылындағы колониядан шықты. Осы сәтте оны туыстары мен журналистер күтіп алды.
16 қарашада Қапшағай қалалық соты Қазақстан Журналистер одағының бұрынғы басшысы Сейітқазы Матаевты мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы өтінішті қараған болатын. Сейітқазы Матаевтың адвокаттары өз қорғауындағы азаматтың жазасын өтеу мекемесіндегі оң мінездемесі үшін және қазан айының соңында Матаевтың 63 жасқа толып, зейнетке шығатын жасқа келгенін айта отырып, оны мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұраған. Сейітқазы Матаев сот отырысына видеоконференция арқылы қосылды. Ал прокурор өтінішті қанағаттандырмауды сұраған болатын.
Сот Матаевты мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы өтінішті қанағаттандырды.
Осыған дейін Матаевтың мемлекеттік тапсырыстарды орындау барысында ақша жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған. Сейітқазы Матаев ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 245-бабы, 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ ҚР ҚК-нің (16.07.1997 жылғы редакция) 177-бабының 4-бөлімінің "б" тармағы бойынша айыпталуда. Астананың аудандық сотына Сейітқазы Матаевтың ұлы - Әсеттің де ісі жіберілген, оған ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша айып тағылған болатын.