22 қыркүйек 2016 | 14:09

Сейітқазы Матаев өзіне тағылып отырған айыптарға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сейітқазы Матаев сот залында. © Тұрар Қазанғапов Сейітқазы Матаев сот залында. © Тұрар Қазанғапов

Сейітқазы Матаевтан сотта жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы Есіл аудандық № 2 сотында Қазақстанның журналистер одағының басқарма төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.


Иконка комментария блок соц сети

Сейітқазы Матаевтан сотта жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы Есіл аудандық № 2 сотында Қазақстанның журналистер одағының басқарма төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Сотталушы Сейітқазы Матаев өзіне тағылып отырған айыптарға қатысты сөз сөйледі. 

"143 миллион теңге жымқырды деген айыптаулар маған ауыр тиді. Біздің шығыс құжаттарымыз бар. Бірақ тергеудің бұл құжаттарды неліктен қабылдағанын білмеймін. Прокуратурадалағылар да бұл шығыс материалдарын қабылдамай тастады. Ал бұл құжаттарда қаражатты қайда және қашан жібергеніміз туралы барлық мәлімет бар. Тіпті Ауғанстанға, Тәжікстанға, Өзбекстанға жібергенімізге дейін бар", - деп мәлімдеді Сейітқазы Матаев. Айтуынша, бұл қаражаттар өңірдегі тілшілерге қаламақы ретінде берілген. 

"Ұлттық баспасөз клубында штатта мен ғана болдым. "ҚазТагта" (Қазақ телеграф агенттігі - Авт.) тартылғандармен бірге есептегенде шамамен 50 адам жұмыс істеді. Бірақ біздің халықаралық жобаларымызда олар өздері табыс тапты. Біз кейде сыйақы беріп тұратынбыз, қандай да бір материалдық көмек жіберіп тұратынбыз. Әрине, 143 миллион теңгенің бір бөлігі сол жаққа жіберілді. Біз осы қаражаттың бір бөлігін долларға ауыстырып жіберетінбіз. Мұның барлығы "шығыс құжаттары", барлық ордер бар. Қаражаттың аударылуы - Ұлттық баспасөз клубының шешімі", - деді Матаев. 

Сейітқазы Матаев салық төлеуден жалтарды деген айыптауға да қатысты пікірін айтты. 

"Барлық тендерлік құжаттармен және барлық материалдармен Александр Максимович Кимасов айналысты. Өкінішке қарай, ол 2015 жылдың 25 қыркүйегінде ауыр дерттен қайтыс болды. (...) Ол экономист, ол осы іспен айналысқан. (...) Салық бойынша. Осы есеп бойынша барлық іспен Александр Максимович Кимасов айналысты. Ол өте мейлінше ұқыпты адам. Шынымды айтсам, мен 130, 110, 101 формаларын өткізу керек екенін білмедім", - деді сотта Матаев. 

"Келісемін, салық істерінде қателіктеріміз болды. Мұнда ештеңе де жасырмаймын. Тергеу барысында, айыптар тағылғанда есепшілерімізді таптық. (...) Тағы бір рет атап өткім келеді, тергеу барысында біз салық бойынша жалпы шамамен 47 миллион теңге төледік, қайта аудардық. 2011-2015 жылдар аралығы бойынша біз 35 миллион 986 мың 405 теңгені шығыс ретінде, ал 5 миллион 890 мың 768 теңгені қорытынды ретінде төледік", - деп келтірді сотталушы мәліметтерді. 

"Әрине, бұл менің қателігім болды. Мен бірінші басшы ретінде мұны білмедім. Бұл тергеу барысында ашылды. Мен тіпті салық туралы білімім таяз", - деді Сейітқазы Матаев. 

Сейітқазы Матаев ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 245-бабы, 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ ҚР ҚК-нің (16.07.1997 жылғы редакция) 177-бабының 4-бөлімінің "б" тармағы бойынша айыпталуда. Астананың аудандық сотына Сейітқазы Матаевтың ұлы - Әсеттің де ісі жіберілген, оған ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша айып тағылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети