05 қаңтар 2017 | 13:10

Шахан ауылында болған төтенше жағдайдан зардап шеккендерге пәтер беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шаханда болған төтенше жағдайдан зардап шеккендер демеушілердің есебінен пәтер ала алады. Бұл туралы ауыл әкімі Марат Жақыпов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шаханда болған төтенше жағдайдан зардап шеккендер демеушілердің есебінен пәтер ала алады. Бұл туралы ауыл әкімі Марат Жақыпов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жерлеу рәсімі өткізіледі. Олар қалаған пәтерлерін өздері табатын болады. Сосын біз оларға сол пәтердің ақшасын төлеп береміз. 2-3 адам келіп кетті. Жақын арада сараптама қорытындылары шығады. Бүгін қайта жөндеу жұмыстары басталды. Біз оларға пәтер әпереміз. Олардың жеке меншігі болады. Қаражат бюджеттен бөлінбейді, демеушілік көмек көрсетіледі. Шот ашылды. Пәтерлер сатып алынатын болады", - деді Шахан ауылының әкімі Марат Жақыпов.

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Ал кеше Шахан кентінде төтенше жағдайдан қаза тапқандар жер қойнына тапсырылған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети