Қарағанды облысының әкімдігі Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден және зардап шеккендердің отбасына 500 мың теңгеден бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысының әкімдігі Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден және зардап шеккендердің отбасына 500 мың теңгеден бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деді облыстық әкімдіңтің баспасөз қызметінің өкілдері.
Сондай-ақ жерлеу рәсіміне және еске алу үшін жұмсалатын қаржыны бюджеттен бөледі.
Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, заң бойынша, жылжымайтын мүлікке және мүлікке келтірілген залал бойынша арнайы комиссия апаттың қорытынды бағасы бойынша шешім шығарылып, барлық отбасыларға өтемақы төленеді.
Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласының маңындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Кейінірек олардың есімдері жарияланды. Құтқару операциясына 280 адам жұмылдырылды, олардың қатарында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем бригадалары, 52859 әскери бөлімнің ауыр инженерлік техникалары да бар.
Қазіргі уақытта үйінділерді тазарту жұмыстары аяқталған, басқа қаза тапқан адам табылмады. Алдын ала болжам бойынша жертөледе орналасқан қазандықтың жарылуы себеп болған.