Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Шахан кентінде көпқабатты үйдің опырылуына байланысты зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілуі үшін қоғамдық қор өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметкері Сайра Шахан.

"Шахан тұрғындары бірден көмектесуге қол ұшын созды, олар жылы киімдер мен азық түлік алып келіп жатыр. Мына адрес бойынша гуманитарлық көмек көрсету үшін заттар алып келуге болады: Шахан ауылы, Шахан көшесі 11 (Шахан әкімдігінің ғимараты).
Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.