Шахан кентінде жарылған қазандықта ақау болмаған - Шахтинск әкімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахан кентінде жарылған қазандықта ақау болмаған - Шахтинск әкімі

"Шахан кентіндегі жарылған қазандықта еш кінәрат болмаған. Бұл туралы Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов "Астана" телеарнасына берген сұқбатында мәлімдеді. Яғни арнайы сараптама нәтижесінде көпқабатты үйдегі жарылған қазандықтан ақау табылмапты. Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдай отты дұрыс жақпағаннан болуы мүмкін.

"Қазандық жасалған металда еш қауіп табылған жоқ. Ол тиісті ГОСТ-қа сәйкес металдан жасалған екен. Сварка жасалған шовтары котелдың, олар да бүгінгі күнгі технологияға сай жасалған деп есептелді. Жаңағы қазандықтың өзінде қауіп болған жоқ. Бұл свет жоқ кезде тиісті өшірілмеген, қатты қызған. Су бу болып кеткен. Содан кейін атылды деп есептейміз", - деді Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов.

Жаңа жылдың алғашқы күнінде Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің жертөлесінде қазандық жарылған. Салдарынан бір подъез құлап, 9 адам қаза тапты. 4 пәтер мүлде жарамсыз күйге түсіп, тағы 10 баспана жартылай зақымданған. Қазір көмек қорына жиналған қаржыдан 9 отбасына пәтер сатып алынды. Аталған қорға ірі компаниялар мен қарапайым қазақстандықтардан 154 млн теңге жиналған. Жылу жинау әлі жалғасуда. Жергілікті билік өкілдері Шахандағы көпқабатты үйлердің жертөлесінде орналасқан 14 қазандықты сыртқа шығару үшін де халықтың көмегіне жүгінбек. Әкімдіктің есебінше, оған 70 миллион теңге қажет. Бұл соманы келесі жылыту маусымына дейін жинау үшін демеушілер тарту да жоспарланған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети