Шахан ауылында үйінді астында қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шахан ауылында үйінді астында қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нина Смирнова 1 қаңтарда бірден үш жақын адамын жоғалтты. Шахандағы төтенше жағдайдан оның қызы Ольга, 35 жастағы күйеу баласы мен немересі Евангелина Андроповтар қаза тапқан. Немересі небәрі 8 айлық болған, ал қызы 28 жаста болған екен. Күйеу баласы Виталий болса, Тентек шахтасында жұмыс істеген. Андроповтар отбасы Шахан ауылында жерленді. Қаза тапқан Виталийдің әріптестері оның өте еңбекқор екенін айтып жатыр.
"Виталий 1981 жылғы. Өзінің қызметтік жолын 2005 жылы бастаған. Соңғы жылдары механиктің орынбасары қызметінде болды. Ол өзін тек жақсы қырынан көрсетті. Екі баласы бар. Біз оның қаза тапқаны жайлы 2 қаңтарда білдік. Ол демалыста еді. 7 қаңтарда жұмысқа шығуы керек болатын", - деді шахта учаскесінің басшысы Денис Кодубинский.
Валерий Михайлов Сарепта ауылында жерленді. Ол Шаханда отбасымен бірге тұратын. Ол зауытта дәнекерлеуші болып істеді. Қаза тапқан Валерий Михайловтың баласы Александрдың айтуынша, ешкім де мұндай қайғылы жағдай болатынын білмеген. Оның артында әйелі мен екі үлкен баласы қалды.
"Әкем қаза тапқан Татьяна Кузьминичная Канмен бірге тұрды. Жасы 63-те еді. Екеуі де қаза тапты. Әрине, біз үйде автоном қазандық болмау керек деп санаймыз. Бұл дұрыс емес", - дейді баласы.
Галышевтар отбасы 1 қаңтардағы қайғылы жағдайда екі адамды жоғалтып отыр. Олар - 6 жасар Артур мен 56 жастағы Василий Иванович. Артаур ата-анасымен бірге тұрған. Опырылған пәтерде Артур кездейсоқ болған. Ол сол сәтте тек апасы мен атасына қонаққа келген екен.
Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.
Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.