Көмек қоры Шаханда опырылған үйдің қайтыс болған от жағушысы Мейрамбек Жиенбаевтың отбасына материалдық көмек ретінде 1 миллион теңге көлемінде ақша береді. Мұндай шешім қордың қамқоршылық кеңесі мүшелері өткізген кезекті отырыста қабылданды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көмек қоры Шаханда опырылған үйдің қайтыс болған от жағушысы Мейрамбек Жиенбаевтың отбасына материалдық көмек ретінде 1 миллион теңге көлемінде ақша береді. Мұндай шешім қордың қамқоршылық кеңесі мүшелері өткізген кезекті отырыста қабылданды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сондай-ақ, қайырымдылық қорының қайтыс болған ер адамның отбасына пәтер алып беру мәселесін қарастыратыны айтылады. Бұл үшін Шахан ауылының әкімі қорға өтініш жазуы керек екен.
"Бұл жаңалықты естіген соң барлығымыз есеңгіреп қалдық. Бұл мәселе талқыға да салынған жоқ: отбасына көмек көрсету туралы шешім бірауыздан қабылданды. Олар қайғылы оқиғадан зардап шекті және олардың бұған құқы бар", - деді қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жамала Мамерханова.
Кеше, 3 сәуірде Шаханда қайғылы оқиғаға байланысты іздестірілген от жағушының өлі табылғаны туралы хабарланған болатын. Шахан тұрғындары ер адамның денесін кездейсоқ көріп қалған. Денесі ауылдан 700 метр жерде қараусыз қалған саяжайдан табылған. Ер адам бұзылған үйдің шұңқырында жатқан.
Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.
Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.
Ал 4 қаңтарда Шахан кентінде төтенше жағдайдан қаза тапқандар жер қойнына тапсырылған болатын.