02 қаңтар 2017 | 09:11

Шахтинск қаласындағы төтенше жағдайдың алдын ала себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы төтенше жағдайдың себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ал құтқарушылар қазіргі уақытта қиранды астынан тірі қалған ер адамды шығарып алыпты.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы төтенше жағдайдың себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ал құтқарушылар қазіргі уақытта қиранды астынан тірі қалған ер адамды шығарып алыпты.

Алдын ала себебі деп үйдің жылу қазандығының жарылуы аталып отыр. Бұл мәліметті қалада ашылған жедел желі бойынша растады.

"8:15-те құтқарушылар қирандыдан 32 жастағы ер адамды алып шықты. Қазіргі уақытта ол тірі, қажетті медициналық жәрдем алып жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети