21 қараша 2023 | 09:45

Шәкіртақы, мектеп және жоғары оқу орындары: Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы қалай жұмыс істеп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға айырықша көңіл бөлініп келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға айырықша көңіл бөлініп келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.

Еліміздің түрлі бағыттардағы табыстарға жету мүмкіндігі адами капиталдың сапасына тікелей байланысты, сондықтан Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға айырықша көңіл бөлініп келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасында бұл салаларды нығайтуға бағытталған биік мақсаттарды айқындап берді.

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында ҚР Үкіметінің білім және денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша бір жыл ішінде атқарған жұмысы туралы Primeminister.kz топтамасынан оқыңыз.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы көлемі: бакалавриат студенттеріне - 20 пайызға, магистратура мен докторантурада оқитындарға - 15 пайызға, ТжКБ студенттеріне - 50 пайызға артты.

Жалпы, 2025 жылға қарай студенттер шәкіртақысының мөлшері 2020 жылғы деңгейден кезең-кезеңмен 2 есеге өседі.

ЖОО-лар мен колледждердің жатақханаларында орын тапшылығы бір жыл ішінде 3 есеге жуық, 2022 жылғы 62,8 мың төсек-орыннан биылғы қазанда 23,9 мыңға дейін қысқарды. 2023 жылы 10,9 мың орындық 44 жатақхананы іске қосу жоспарланған, оның ішінде 25 жатақхана пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін тағы 19 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

1 қыркүйектен бастап республикадағы барлық 1-4 сынып оқушысы үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. 1,4 миллион бала қамтылды. Жергілікті бюджеттен 25 миллиард теңге бөлінді.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының 5-11 сыныптарда оқитын 200 мыңнан аса оқушы тамақтанады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бұл санаттағы 97 мыңнан асп бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Азаматтардың жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз етудің қосымша тетігі болатын "Келешек" ерікті жинақтау жүйесін әзірлеу басталды.

Биыл аз қамтылған отбасылар мектеп киімдері мен кеңсе тауарларын өз бетінше сатып алу үшін әр балаға кемінде 40 мың теңге алды. Барлығы 463 мың бала қамтылып, 19 миллиард теңге бюджет қаражаты жұмсалды.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру басталды. 2026 жылға дейін 740 мың орындық 369 жаңа форматтағы мектеп салынады.

Жалпы, ғылымның 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда 3,3 есеге өсіп, 643 миллиард теңге болды.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы бекітілді.

Бүгінгі таңда жоба шеңберінде 13 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісінің құрылысы аяқталды. Тағы 86 объектінің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында 4 көпсалалы орталық аудандық ауруханаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети