13 наурыз 2020 | 11:45

Шамалған станциясындағы апат: Станция кезекшісі 7 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы облысы Шамалған станциясында болған жол апатына байланысты станция кезекшісі 7 жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Шамалған станциясында болған жол апатына байланысты станция кезекшісі 7 жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сот мәліметінше, станция кезекшісіне 55 секундқа тетікті кешігіп басып, шлагбаумды жауып үлгермеген деген айып тағылған.

Алайда айыпталушының адвокаты Шәмиян Жайылханов тергеу қорытындысымен мүлдем келіспейтінін айтып отыр.

Себебі оның қолында 55 секундта ештеңе шешпейтінін растайтын Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы ректорының қолы қойылған шешім бар екен. Айыптау актісі менің ойымша Солоненко мен Колешниковтың қорытындысы негізінде жасалған дейді қорғаушы.  

"Солоненко да - Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының профессоры. Ол басқа ғалымдармен ақылдаспаған. Ректор Аркеновтың да рұқсатын алмаған. Оның келтірген айғақтарында Ахметжанов 55 секундқа тетікті кешігіп басқаны салдарынан апат болды деп отыр", - деді айыпталушының қорғаушысы Шәмиян Жайылханов.

Бұл іс бойынша екі зардап шегуші де "Қазақстан Теміржолы" компаниясынан өтемақы талап етіп отыр. Апат салдарынан қаза болған автобус жүргізушісінің әйелі - 20 млн теңге, ал екі баланың анасы Эльмира Жәнібекова 40 млн теңге сұраған. Сотта сөз алған Досбатыр Ахметжанов атқарылуы тиіс шаралардың бәрін орындағанын жеткізді. Алайда бұған келіспеген жүргізуішінің әйелі Ләйла Жарылғасова сот залында айыпталушыға дүрсе қойды.

"Қолыма қызыл жалау алып жүгіріп шығып, автобустың артынан келе жатқан пойыз  машинистіне 150 градуспен тоқтау белгісін бердім", - деді айыпталушы Досбатыр Ахметжанов.

Еске салайық, былтыр қыркүйек айында Шамалған станциясында болған апат бойынша сот отырысы жүріп жатыр. Бұл іске басты айыпталушы ретінде өткел кезекшісі Досбатыр Ахметжанов жауап беріп жатыр. Кезекшінің айыбы дәлелденсе, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети