Шамалған станциясы учаскесінде "Сергек" камералары орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Шамалған станциясы учаскесінде "Сергек" камералары орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Қадағалау органы мәліметінше, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері жиі тіркелетін теміржол өткелінде бейнебақылау жүйесі орнатылған. Атап айтқанда, жол учаскесінде жүргізушілер көбінесе қарсы қозғалыс жолағына шығып, шлагбаумға тоқтамай, теміржолға шығады. Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын осындай тәртіп бұзу кесірінен мұнда пойыз бен автобус соқтығысып, салдарынан жүргізуші қаза тапқан болатын.
"Алматы облысының прокуратурасымен және полиция департаментімен "Жол қозғалысының қауіпсіздігі" жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Бір айда мобильдік топтармен 28 рейд жүргізіліп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 153 заңбұзушылықтар анықталды, олардың 30 жойылды. Қарасай ауданы Шамалған теміржол өткелінде "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, "Алматы-Жандосов" жолында Қаскелең қаласының бұрылысында бағдаршам орнатылған. Әкімшілік полициямен Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жаяу жүргіншілер өткелі және басқа да шектеуші жол белгілерінің жоқтығы бойынша ұйғарымдар енгізілген.
"Райымбек және Жамбыл аудандарының мобильдік топтарымен малды сәуле шағылыстыратын таспамен қамсыздандыру бойынша жұмыс атқарылды, бұл жүргізушілерге түнгі уақытта ЖКО алдын алу бойынша шараларды уақтылы қолдануға мүмкіндік береді.
Жоба шеңберінде жол полициясы және көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп 29 рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды, нәтижелері бойынша 360 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 30 көлік құралын масаң күйде жүргізу үшін", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!