Әлеуметтік желілерде Шамалған станциясындағы көмір қоймаларына кезекте тұрған жүк көліктерінің видеосы таралды. Алматы облысының әкімдігінде жағдайға қатысты түсінік берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Шамалған станциясындағы көмір қоймаларына кезекте тұрған жүк көліктерінің видеосы таралды. Алматы облысының әкімдігінде жағдайға қатысты түсінік берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде жүк көліктерінің жүргізушілері көмір тапшылығы туралы хабарлады.
"Көмір үшін шайқас. Көмір тапшы", - деді бір жүргізуші.
Алматы облысының әкімдігінде қарашада облысқа көмір жеткізу жоспары 197,5 мың тоннаға жеткені хабарланды. Іс жүзінде 714 вагон, яғни 49 266 (25 пайыз) тиелген. Жолда 351 вагон, 24 219 тонна көмір келе жатыр.
Қарашада Шамалған станциясына 641 вагон, 44 229 тонна көмір жеткізу керек болған. Бүгінде 216 вагон (14 904 тонна) немесе жоспардың 33,6 пайызы тиелген. 9 қарашада жолда 115 вагон, 7935 тонна көмір болған. Шамалғаннан көмірді облыстың төрт ауданына - Жамбыл (85 мың тонна), Қарасай (22 798 тонна), Балқаш (80 мың тонна), Талғар ауданына (82 мың тонна) жеткізіледі.
"ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ-пен келісілген кестеге сәйкес қатты отыны бар вагондар беріледі. Жеткізу жоспары нарықтағы сұранысқа байланысты өзгеріп отырады. Ауа райы нашарлауына байланысты көмір қоймалары мен кеніштеріне сатып алушылар көбейді, тиісінше сұранысты бір мезетте қанағаттандыру мүмкін емес. Бұл көмірдің жасанды "тапшылығына" әкелді", - деді Алматы облысының облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Әбілқасымов.
Әкімдік мәліметі бойынша, өңірде көмірдің бір тоннасының орташа бағасы - 14,5-16 мың теңге. Теміржол қатынасы жоқ өңірлерде көмір жақын маңдағы кеніштерден автокөліктермен жеткізіледі, бұл көмір бағасына да әсер етеді. Мұндай өңірлерде жеткізуді есепке алмағандағы баға 19-20 мың теңге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!