Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
28 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Орал қаласында күндіз 28 тамызда найзағай, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.
Күндіз 28 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы, күші секундына 15-20 метр күтіледі.