Шаңды дауыл, тұман, жаңбыр: 15 наурызда ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шаңды дауыл, тұман, жаңбыр: 15 наурызда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Солтүстік-батыс циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР көп бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Елдің батысы мен шығысында ғана жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады", - делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ҚР солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, елдің оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл соғады.

Астанада ауа райы көшпелі бұлтты болады, өткінші жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Түнде тұман түседі. Батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде минус 3-5, күндіз 0-2 градус аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети