Шариғат жынысты ауыстыруға тыйым салады - ҚР ҚМДБ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© eva.ru © eva.ru

Шариғатта жынысты ауыстыруға тыйым салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі хабарлап отыр. Оған бірнеше аят пен хадис мысалға келтірілді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шариғатта жынысты ауыстыруға тыйым салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі хабарлап отыр. Оған бірнеше аят пен хадис мысалға келтірілді.

Біріншіден, ҚМБД өкілдерінің айтуынша, жыныс мүшесін ауыстыру - Жаратушының жаратылысын өзгерткенмен тең. "Жыныстық мүшені ауыстыру - Жаратушының жаратылысын өзгерткенмен тең. Алла Тағала мұндай өзгертулерді харам еткен. Себебі, мұндай сорақы іс-әрекет Ібіліс шайтанның діттеген мақсатына кіреді. Алла Тағала Құранда Ібіліс шайтанның былай деп ант ішкендігін ескертеді: "Мен, оларға (адамзатқа) Алланың жаратылысын өзгертсін деп, сөзсіз, әмір етемін", - делінген хабарламада. Екіншіден, шариғатта ер кісінің әйелге, әйелдің ер кісіге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Осылай дей келе басқармадағылар Абдулла ибн Аббастың сөзін келтіреді. "Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелге ұқсағысы келген еркектерге және еркектерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты".

Үшіншіден, мұндай жыныстық өзгертулердің ер мен ердің, әйел мен әйелдің үйленуіне жол ашатыны айтылады. Ал шариғат мұндай сорақы істі харам еткен. Ер мен ердің немесе әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа баруы - Лұт пайғамбардың дәуірінде жасалған азғындықтың жалғасы. "Дүниежүзілік мұсылман Лигасына қарасты Ислами Фиқһ Академиясы өзінің он бірінші отырысында осы мәселе жөнінде: "Аталық жыныс мүшелері толық жетілген ер кісінің немесе аналық жыныс мүшелері толық жетілген әйелдің жыныс мүшесін қарсы тараптың жыныс мүшесіне ауыстыруы - харам іс. Бұл үлкен күнәлардың қатарына жатады. Мұндай сорақы іске қадам басқан адам жазаға лайық болады. Өйткені бұл іс Алланың жаратқан жаратылысын өзгерткенмен тең", - деген шешім шығарған делінеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro