Отандық сарапшылардың ақпараты бойынша елімізде егістікті әртараптандыру ісінде енжарлыққа салынып отырған ауыл-аймақтар да жоқ емес. Егіс алқаптарын әртараптандыруға әлі де жете назар аудармай отырғандардың қатарында Ақмола, Қостанай облыстары бар. Негізінен пайдасы мол егіс алқаптарының үлес салмағы Ақмола облысы бойынша 0,9 пайызды құраса, Қостанай облысында 1,1 пайыздан аспайды.

Ал меже бойынша егіс алқаптарын түрлендіру 7 пайыздан кем болмауы керек. Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында ауыспалы егістің жүйесі мүлде сақталмаған. Бұған қоса мал азығын реттеуге қатысты көпжылдық шөп егу жайы да мүлде азайып кетті. Ал еліміздің 99,2 пайыз жайылымдық жері қуанданып, тозығы жеткенін ескерсек, болашақта мал азығы мәселесі тіптен күрделене түспек. "Ендеше ауыспалы егістік бағытына енуді жатсынбай, керісінше, тәжірибе жүзінде мұны тереңдеткен жөн" дейді мамандар.
Жаңабай Алдабергенов, экономист-ғалым.
- Әрине, біз егіс алқаптарын түрлендіреміз деп диқандарға "бидай, мақта, күріш егуді доғарыңдар" деп айта алмаймыз. Мұндай жаңашылдыққа шаруа қауымы бірден кірігіп кетпесі анық. Сондықтан мемлекеттік тұрғыда игерілмей бос жатқан жерлерге майлы дақылдар егу ісі басталғаны жөн. Егер біз мәселенің әлеуметтік-экономикалық жағын ойласақ, егісті түрлендіру арқылы әлемдік тұрғыда бедел жинаймыз. Осы бағытты ұстану арқылы халықтың әлеуметтік ахуалын да түзей аламыз. Бір ғана рапс пен сафлор егу арқылы биоотын өнідіруне шикізат табамыз. Жалпы, егісті биотехнологиялық жолмен түрлендірудің берері де берекесі де мол. Осы бағытты ұстана отырып ахуалын қамдап, жағдайын түзеп алып отырған елдер бүгінде әлемдік нарықта кең көсіліп жүр.
Мамандардың айтуынша, Израилде кәсіпкерлікті дамытудың осы әдісі кеңінен белең алған.
Бұл мәселеге орай мамандар "Егер біз осы тәсілді тиімді, сауатты түрде жүзеге асыра алсақ, ауыл шаруашылығының кәсіпкерлік қабілеті де артар еді" дейді.