16 ақпан 2021 | 13:49

Шассиі жарылған Qazaq Air ұшағының командирі оқиғаның мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Qazaq Air ұшағының командирі Алматы әуежайында болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Qazaq Air ұшағының командирі Алматы әуежайында болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 ақпанда Qazaq Air әуе кемесінің Алматы әуеайлағына қонғаннан кейін шасси пневматикасы зақымданған болатын. Ұшқыш Еркін Наурызбаев рейс борттық нөмірі P4-Air болған DeHavilland Q400 ұшағымен орындалғанын хабарлады. Оның айтуынша ұшақ қиын метеорологиялық жағдайда қонған, себебі жол бетінде көктайғақ болған. 

"Ұшу және қону Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілерінің және әуекомпания стандарттарының талаптарына сәйкес орындалды. Ұшу қауіпсіздігі ережелерінен ауытқулар болған жоқ. Жұмсақ қондық. Шассидің негізгі тіректері қонғаннан кейін алдыңғы тіректі түсірдім, алайда біраз уақыттан кейін оң жаққа қисайғанын сездім.

Басқару органдарын пайдалана отырып, мен ұшықты жолдан шығып кетуіне жол бермей, ұшу-қону жолағында ұстап тұра алдым. Ұшақтың бұлай қозғалуы шасси дөңгелектерінің зақымдалғанын көрсетті. Біз әуе кемесін ұшу-қону жолағында тоқтатуды ұйғардық. Болған жағдайды әуе қозғалысы органдарына хабарладық, олардан жердегі қызметтерді жіберуді сұрадық. Кабиналық экипажға да хабарластық, олар шассидің оң жақ дөңгелектері зақымданғанын байқады. Жолаушылар мен экипаж өміріне қауіп мүлде төнген жоқ", - деп түсіндірді Еркін Наурызбаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZAQ AIR (@qazaqair_official)

Ұшқыштың айтуынша, оған бортсеріктер салонда дүрбелең жоқ екенін хабарлаған. Ұшақ қонғанан кейін жолаушылар терминалға жеткізілген.

Еркін Наурызбаев әуекомпания жаңа буындағы DeHavilland Dash 8-Q400 үлгісіндегі ұшақтарды пайдаланатынын, олардың қоланыста болған орташа уақыты 3,5 жыл екенін айтты. Нұр-Сұлтан - Алматы рейсіндегі ұшақ 2019 жылы жасалған.

Еске салайық, 13 ақпанда Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының шассиі жарылды. Ұшақ Нұр-Сұлтаннан сағат 06.30-да ұшып, Алматыға сағат 08.12-де қонды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети