Украинаның шығысындағы шекарада тыным жоқ. Әр күн сайын Луганск пен Донецк облыстары аумағында түрлі қақтығыстар орын алып, шекара бұзу фактілері жиілеп кетті. Тіпті, кей жағдайларда Украина мемлекеттік шекара қызметінің сарбаздары қарулы көлікпен келіп, шекараны қасақана бұзып өткендерді ауыздықтай алмай отыр. Украина мемлекеттік шекара қызметінің жетекшісі Олег Слободян «шекара әскерінің бар күшін шығысқа жұмылдырамыз» деп мәлімдегенімен, әзірге оң нәтиже жоқ. Неге? «Алаш айнасы» ой елегінен өткізген еді.

Украина мен Ресей тәуелсіздік алғаннан кейін шекара мәселесін толыққанды шеше алған жоқ. Құрлық һәм теңіз арқылы жеті мемлекетпен шектесетін, шекарасының жалпы аумағы 6993 шақырымға созылып жатқан алып ел соңы айларда 15 мың шекара әскерін шығысқа шоғырландырды. Соның өзінде шекараны тыныштандыруға шамалары жетпей жатыр. Мәселен, осыдан бірер күн бұрын Украина мемлекеттік шекара қызметінің жетекшісі Олег Слободян «112 Украина» телеарнасына сұхбат беріп, шекарадағы қақтығыс кезінде бір әскеридің көз жұмғанын және бір адамның ауыр жарақаттанғанын айтып еді. Мұнан кейін де Ресей жақтан бірнеше әскери көлік пен қаруланған адамдар шекараны бұзып өтті. Бірақ, Ресейдің құзіретті органдары ресми түрде Украинаның бұл айыптауларын жоққа шығарып бағуда. Сонда Украинаның шекарасын кімдер бұзып жатыр? Сол белгісіз әскер ертең біздің шекараны бұзып өтпейді деп айта аламыз ба?
Украинаның шекарасындағы оқиғалар кез-келген елге етек жеңін жию қажеттілігін аңғартып отыр. Басқаны былай қойып, өзімізді мысалға алайық. Шекарамыздың жалпы ұзындығы 15 000 шақырымнан астам ұзақтыққа созылып жатыр, оның 12 000 км-ге жуығы құрлық, ал 3 000 шақырымнан астамы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді. Әрине, әлем бойынша жерінің кеңдігі бойынша тоғызыншы орын алатын біздің ел үшін бұл шекараны күзетіп тұру оңай шаруа емес. Оған Арқанкергендегі қырғын кезінде анық көзіміз жетті.
Құдайға шүкір, тәуелсіздік алғалы бері мемлекетіміз мемлекеттік шекараның үстінен құс ұшырған жоқ. Бірақ, колхоз-совхоз тарағаннан кейін шекаралы аудандағы тұрғындардың дені қалалы жерге қоныс аударды. Қазір біріншіден сым темір тартылғаны болмаса, Қытай мен Қазақстан арасындағы шекарамыз ашық жатыр. Екіншіден, әлем бойынша құрлықтағы ең ұзын шекара саналатын, 7,5 мың шақырым жерді алып жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараның жайы да мәз емес. Екі елдің достығының нышаны ретінде белгі қойып, сым тартпаған едік. Бұл достықтың мың жылдықтарға созыларына кім кепілдік береді. Ресеймен шекараласатын солтүстік, шығыс, батысымызды қамсыз ету үшін әрекет жасау керек секілді. Өйткені, кей кездері орысты былай қойып, шекара мәселесінде түбі бір туысқан өзбек, түркімен, қырғыз ағайындармен де ара-тұра сөзге келісіп қаламыз. Алтай мен Атыраудың арасындағы кең-байтақ жерді қорғау әр қазаққа парыз. Сол парызды өтеу үшін не істемек керек?
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз