02 шілде 2019 13:01

Шекара қызметі елімізге ірі көлемде 20 мың АҚШ долларын алып өтпек болған шетелдікті ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Вести-UA © Вести-UA

Өткен тәулікте Мемлекеттік шекарадан ақша қаражатын алып өтудің кедендік заңдылықтарын бұзғандықтары үшін екі қазақстандық және бір түркіменстандық азамат ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Өткен тәулікте Мемлекеттік шекарадан ақша қаражатын алып өтудің кедендік заңдылықтарын бұзғандықтары үшін екі қазақстандық және бір түркіменстандық азамат ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматы шекаралық бақылау отрядының шекара наряды бүгін түнгі сағат 03:00 шамасында "Алматы - Франкфурт" бағытында ұшқалы тұрған LH-647 әуе рейсіне кедендестірілмеген 12 185 еуро, 148 100 теңге алып кірмек болған  Қазақстанның 53 жастағы азаматшасын; таңғы 05:00 шамасында "Алматы - Шарджа" бағытындағы G9-254 әуе рейсінен, өзімен бірге 10 220 АҚШ долларын (аз мөлшердегі еуро және теңгені есептемегенде) алып өтпек болған қазақстандық 34 жастағы ер адамды ұстады. Заңсыз өткізілмек болған валюталар актіленіп, "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, "Жағалау күзеті" Өңірлік басқармасына қарасты "Темір баба-авто" өткізу бөлімшесінде шекарашылар Қазақстаннан Түркіменстанға қарай жаяулатып өтіп бара жатқан Түркіменстанның 46 жастағы азаматшасынан кедендестірілмеген 20 000 АҚШ долларын тауып, актімен кеден бекетіне тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети