Шекара маңындағы 400-ден аса ауылға отандық радиоарналардан хабар тарайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекара маңындағы 400-ден аса ауылға отандық радиоарналардан хабар тарайды Фото: pixabay.com

Qazaq radiosy шекара маңындағы 400-ден аса ауылға хабар тарата бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Qazaq radiosy шекара маңындағы 400-ден аса ауылға хабар тарата бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Qazaq radiosy-ның 100 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 630 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының шекара маңындағы 400-ден астам ауыл отандық радиоарналардың хабарын тыңдауға мүмкіндік алады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі шекара маңындағы аудандарда Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін радиостанциялар желісін кеңейту туралы шешім әзірлеген.

"Qazaq radiosy бағдарламаларын тарату басым тәртіппен жүргізіледі. Бұл жобаны іске асыру үшін ҚР шекара маңы аумақтарында радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді", - делінген хабарламада.

Жол картасына сәйкес радиохабар тарату желісін 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін төрт кезеңде дамыту жоспарланып отыр.

"Министрлік телерадио хабарларын тарату үшін радиожиілік спектрін (РЖС) бөлу бойынша конкурс өткізді. Онда 107 радиожиілік спектрі бөлінді. Оның 89-ы Qazaq radiosy, 18-і "Шалқар" радиосы үшін", - деді ведомство өкілдері.

Радиожиілік беру 2022-2025 жылдарға арналған ҚР шекара маңы аумақтарында радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту жөніндегі Жол картасының 1-кезеңіне сәйкес жүзеге асырылды.

Айта кетейік, Qazaq radiosy еліміздің 89 пайыз аумағында хабар таратады және Қазақстанның барлық шекаралас аудандарын қамтуды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети